Сайрамның тіршілігі қуантарлық

Screenshot_27.jpg   

  Таяуда  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев саялы сйрам ауданына  агроөнеркәсіп кешені саласында атқарылған жұмыстармен танысу үшін арнайы барып қайтты.  Алдымен  Манкент ауылында орналасқан «Нұрым Груп» ЖШС-іне кіріп, ондағы жұмыстардың жай-күйін бақылады. 10 000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы мен құрама жем цехы бар серіктестік жылына 5000 тонна ет өнімдерін экспорттайды. Қазіргі таңда 6000 бас ірі қара мал өсіріліп, экспортталуда. Толық циклды ақылды ферма болып саналатын кәсіпорын ҚР ішкі нарығында және Иран Республикасына 2000 тонна сиыр етін экспорттаған. Кәсіпорын басшысы Сырым Ертаев  мұнда 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылғанын және алдағы уақытта Арыс қаласы аумағынан 20 000 малға арналған мал бордақылау алаңын салу жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ серіктестік басшысы мал терісін экспорттау мәселесін қолға алыну қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар облыс басшысы «Өмірәлі» шаруа қожалығына барып, егістік алқабындағы қызу жұмыстың барысымен танысты. Қожалық 5 гектар жер аумағынан гектарына 25 центнер өнім алып отыр. Онда облыс әкімі шөп жинау науқанына қатысып, арнайы жүк көліктеріне шөп артып, шаруаларға көмегін тигізді. Жалпы ағымдағы жылы 3,7 миллион тонна мал азығын жинау жоспарланып, оның 85 пайызы, яғни 3,4 миллион тонна мал азығы жиналды. Өмірзақ Естайұлы биылғы ауа-райының қолайлылығын пайдалана отырып, 1,5 жылдық мал азығын жинау қажеттігін тапсырды.

   Сондай-ақ, аймақ басшысы Ақсукент елді-мекеніндегі қуаттылығы 100 тонна сүт өнімін өңдейтін «Ақ-су» ЖШС мен Қарамұрт елді-мекенінің аумағында салынып жатқан «Ecoinvest SA» ЖШС өнеркәсіптік жылыжайдың құрылыс барысымен танысты. Сапары барысында Өмірзақ Естайұлы мамандарға  сәттілік тіледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі