ОҚМПУ магистранттары қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Шымкент қаласындағы №4 «Кәусәр» қыздарға арналған қайырымдылық интернатында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің 6М011900- Шетел тілі:екі шетел тілі мамандығының 1курс магистранттары мен филология факультеті «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Сманова Ғазиза Ілесханқызы  және филология ғылымдарының докторы, доцент Абрамова Галина Иосифовна қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 

ce9d0dd6-329d-4e40-b374-084c4a16c28a.jpg

Магистранттар «Кәусәр» интернатының  тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы жылы жүректі қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді. Бұл іс-шара барысында интернат тәрбиеленушілері өзгеше әсер алды.Түрлі сыйлықтар мен тәттілер алып, балаларға базарлық жасаған магистрант жастар ең әуелі балалармен ағылшын тілін меңгеруде таныстырылым сабақтарын өткізіп, көңілдерін көтерді. АҚШ -тан келген ағылшын тілінің мұғалімі  Ави Тепфер ағылшын тілінде балаларға ойын ойнатып, ән салдырып,  олардың көңіліне ізгілік пен мейірімділігін білдірді.

744877ae-85f5-444f-9860-740b6e390f90.jpg

«Кәусәр» интернатының директоры Уалиханов Бекжан Жұмабаевич сөз алып, көмекке мұқтаж отбасылардың қоғамымызда көптеп кездесетінін айтып, өз өкінішін білдірді. Қазіргі таңда «Кәусәр» интернатында ата-анасынан  айырылған, ата-анасының қамқорынсыз қалған, ата-анасы мүгедек  және әлеуметтік көмекке аса зәру қыз балалар тәрбиеленіп жатыр. Іс-шара соңында қара көзді жәудіреген балаларымыздың жанына желеу болсақ деген ОҚМПУ магистранттары қанша қамқор болып, көңілдерін көтерсең де, ата-анасының аялы алақанынан артық ешнәрсенің жоқтығын жасыра алмай «Елімізде жетім балалар болмаса екен» деген жылы тілектерін жүректеріне түйіп қайтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды