Алматыда коронавирус ошағына айналған 11 орын анықталды

Оңтүстік астана билігі мегаполис аумағында коронавирус ошағына айналған 11 орынды анықтады. Олардың бәрі қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан. Қазіргі уақытта билік әрқайсысын бақылауға алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1a47d6f2-6d4c-4d40-96a4-16b8bcaa4737.jpg

Қала билігінің хабарлауынша, анықталған 11 орын бақылауға алынған. Ал, толық ақпарат бүгін, 20 наурызда хабарланады.

Осы ретте қаланың кейбір тұрғындары аудандарына залалсыздандыру жүріп жатқаны туралы фотосуреттермен бөлісуде.

Құрметті оқырмандар, егер сіз де осындай вирус анықталған аймақта болсаңыз, онда біздің editor@corp.nur.kz пошталық адресімізге жазыңыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

f300d7ed-a8fd-4689-afc1-a3526e135ab9.jpg

Кейін"Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан тағы Достық 42, Достық 42а және Қабанбай батыр 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш бірдей үйдің оқшауланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ желіде Almaty Towers тұрғын үй кешені де қоршауға алынғаны жайлы ақпарат тарады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды