Созақтықтар арыстықтардың атаулы көмек алуына да жәрдемдесті

Арыс қаласындағы Қызылорда облысы мен Созақ ауданына тиесілі 6 сектордағы құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуына байланысты «Арыс холл» мейрамханасында дастархан жайылып, жергілікті тұрғындарға ас берілді. Шарада облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев көмек қолын созған азаматтарға алғыс айтты. Арысты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтар облыс әкімінің, облыстық маслихаттың, «Нұр Отан» партиясының, Созақ ауданы әкімінің алғыс хаттарымен арнайы марапатталды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша Қызылорда облысы мен Созақ ауданы 6 секторға жауапты болып, алғашқылардың бірі болып құрылыс жұмыстарын аяқтағалы отыр. 6 секторда 15 көше орналасқан, 15 комерциялық және әлеуметтік нысандар мен 268 тұрғын үйдің барлығы әртүрлі дәрежеде қалпына келтіріліп, тұрғындарға табысталды. Бұл жұмыстарға Қызылорда облысы 15 құрылыс компаниясынан 300-ге жуық құрылысшы, 5 техника жұмылдырған. Ауа-райының ыстығына қарамастан құрылысшылар қарқынды жұмыс жасап, қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.
Созақ ауданы тарапынан 2 камаз, 1 зил, 1 су тасығыш, 1 амкадор (жүк көтергіш) тазалық жұмыстарына жұмылдырылып, күн сайын 40 тоннаға жуық, жалпы 15 көшеден 2,3 мың тоннадан астам құрылыс қалдықтарын, бей-берекет жиналған қоқыстарды шығарып, арнайы полигондарға жеткізді. Бұдан  2 газель, 1 жедел жәрдем көліктері  де арыстықтарға қосымша көмекке келді. Ауданнан ерікті тұрғындар апта сайын ауысып, кезең-кезеңімен жұмыс жасады. Сондай-ақ арнайы жасақталған мамандар тарапынан қала тазалығына қатысып, залалсыздандыру, обаға қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізді.
6 сектордағы жұмыстарға жауапты ретінде облыстан бекітілген Созақ ауданының қызметкерлері күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың атаулы көмектерді алуына жағдай жасады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы