Созақта 35 мектепте алғашқы қоңырау соғылды

01.09.jpg

Бүгін аудандағы 35 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды. Аудан әкімі С.Полатов А.Байтұрынов атындағы жалпы орта мектебіне барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
– Өскін ұрпаққа сапалы білім беру мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Халқымыз «Күш – білімде» деп бекер айтпаған. Дәл осы күннен бастап, болашақ ел тұтқасын ұстар азаматтың жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Сондықтанда бұл күннің әрбір адам үшін маңызы зор. Ал олардың заманаға сай білімді болып өсуіне педагог мамандарының еңбегі ерен, – деді, аудан басшысы.
Құттықтау лебізін, мектептегі ата-аналар кеңесінің төрағасы Амалбек Мұсабеков жалғап, жаңа оқу жылында жаңа табыстар тіледі. Сосын алғашқы қоңырау соғылып,1 сыныпқа барған бүлдіршіндер мектеп табылдырығын аттады.
Ауданда өткен оқу жылында 14514 оқушы білім алып, 689 оқушы мектеп бітірді. Оның 173-і мемлекеттік грант иегері атанса, 19 азамат облыс әкімінің грантына ие болды. Ал, биылғы оқу жылында 14816 оқушы білім алады. Оның ішінде 1424 бала 1-сыныпқа  барды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы