Түркістандық кәсіпкер кондитерлік цех ашпақ

2cec900303b6f317fc6295368a92b6a5.jpg

Түркістан қаласының кәсіпкері И.Намазбековп «Бауырсақ» дәмханасының жұмысын дөңгелетіп келеді. 80 орындық тамақтандыру орны күніне жүзден астам адамға қызмет көрсетеді.

«Қоғамдық тамақтандыру саласында ең маңыздысы - орналасқан жері. Біздің дәмхана қаланың ең халық көп жеретін бөлігінде орналасқан. Бағаларымыз да қымбат емес. Бізге студенттер де, кеңсе қызметкерлері де келе алады. Ас мәзірінде: 8 түрлі салат, бутербродтар, жартылай фабрикаттардан ыстық тамақтар, фуршет үшін салқын тіскебасарлар бар. Осы жылы біз кондитерлік цехты іске қосуға бел будық. Бұл жерде тирамису, шығыс тәттілерінен бастап кекстер, майға пісірілген бәліштер және басқа да кондитерлік өнім түрлерін дайындауды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, жартылай фабрикаттар: тұшпара, мәнті және котлет өндіретін цех қатар жұмыс істейтін болады», - дейді кәсіпкер И. Намазбаева

Кондитерлік цехты іске қосу туралы бизнес-идеясымен кәсіпкер Түркістан қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) келеді. Ол жерде бизнес-жоспар жасауға көмектеседі және жобасын «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 40,0 млн теңге көлемінде қаржыландыруға дейін сүйемелдейді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер кондитерлік цех ашпақ
  • Сапалы өнімге сұраныс азаймайды
  • Түркістаннан тор шығады
  • Түркістанда түйе сүті өңделуде
  • Зиянкестермен күрес – өзекті мәселе