Шымкент: Этнос өкілдерімен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтуде

Шымкент қаласында Қаратау ауданы әкімі аппараты мен  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім мамандары бірлесе отырып, этнос өкілдері көп шоғырланған тұрғын алаптарда фокус-топтық зерттеу жұмыстарын өткізді.

image.png

Зерттеу жұмыстарының басты мақсаты – ұлтаралық татуылықты нығайту, этнос өкілдері арасындағы толеранттылық көзқарасты тұрақты қалыптастыру және кикілжіңдердің туындауына себепші болатын объективті және субъективті жағдайлардың алдын алу.

Фокустық-топтық зерттеу жұмыстары Сайрам тұрғын алабы мен Тассай шағынауданындағы  №116 мектепте дөңгелек үстел типінде өткізілді.

Жиын барысында тұрғындар өздері тұрып жатқан елді мекендегі этносаралық татулықтың жай-күйі мен өзге ұлт өкілдерімен тату-тәтті достық қарым-қатынаста тұрып жатқандықтарын жеткізді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел соңында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар білдіріліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

Айта кетейік, фокус-топтық зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке