Шетелдік туристерге жарна құны бекітілді

image.png

Табиғаты әсем, қойнауы тарихқа, маңайы көне ескерткіш пен кесенеге толы Төлеби ауданында туризмнің бірнеше бағыты қарқынды дамып келеді. Туристік нысандар саны бойынша өңірде озып тұрған ауданға тек елімізден ғана емес соынмен қатар шетелдік саяхатшылар да жиі ат басын бұрады. 

Осы орайда Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына  және облыстық мәдениет және туризм басқармасының тапсырмасына сәйкес Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін 21.12.2023 жылы аудандық мәслихаттың №8/44-VIII шешімімен болу құны 0(нөл) пайызбен бекітілгенін айта кетейік.

Облыс әкімі Д.А.Сатыбалдының  2023 жылы хаттамалық тапсырмасына сәйкес ауданда туризм саласын дамытудың 2023-2027  жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқарма басшысы  Ә.Қойлыбаевтың келісімі алынып, аудан әкімімен бекітілді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шетелдік туристерге жарна құны бекітілді
  • Төлебиде биыл 4 туристік нысан ашылады
  • Төлебиге туристер ағылуда
  • Жастарды деструктивті ағымдардан сақтандырды
  • Арыстан Оспанов колледж студенттерімен жүздесті