Қазақстан да – өзінің туризм саласындағы әлеуетімен біраз жұртты таңқалдыра алатын деңгейде. Еліміздің қай өңірінің табиғатын мысалға алсақ та, оның тауының, тасының, суының, нуының ерекшелігін жыр қылып айта жөнелеміз. Соның ішінде Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалы кез келген саяхатшыны бейжай қалдыра қоймасы анық.
Бүгінгі таңда шатқал маңында көптеген заманауи демалыс орындары ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Өңірдің туризмін алға сүйреп келе жатқан таулы өлкедегі демалыс орнының қай-қайсысын алсақ та жанға жайлы. Айталық «Villa» демалыс орны бірнеше жылдан бері демалушылардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Себебі мұнда қызмет көрсету сапасы жоғары.
«Villa» сізге:
- Ыңғайлы бөлмелер
- Жазғы кафе-терасса (150 адамға дейін)
- Караоке
- Банкет залы (80 адамға дейін)
- Монша, сауна
- Бассейн
- Ташпандар ұсынады;
Демалыс аймағының люкс номерлері Құрметті қонақтарға арналған. Әр бөлмеде жеке санузел, телевизор, кондиционер, жеке гигиена заттары орналасқан. Люкс бөлмелерде қонақтарымыз Біркөлік тауын тамашалап ,таудың таза ауасымен демалу үшін арналған балкон бар.
Отбасылық демалыспен қатар сіз мұнда бесік той, құдалық, сүндет той, тілашар той, үйлену той секілді кез-келген думанды, мерекелік кештерді өткізе аласыз.
Тау етегіндегі керемет демалысты сезінгісі келетін қонақтар үшін «Villa»-ның есігі әрдайым ашық!