Арыс тазарып жатыр

Screenshot_7.jpg

Апаттан аман қалған Арысты тазалау, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Осы аптада  Бәйдібек ауданының әкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары шаһардағы 15 сектордағы көше бойларына тазалық жұмыстарын жүргізді. 15 сектордағы 29 көше бойларындағы ағаштар бұталып, әктеліп, жол бойындағы және арық-атыздардағы қоқыстан тазартылды. Арнайы су шашатын көлікпен автожолдар жуылды. Тазалыққа Бәйдібек ауданы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан 200-ге жуық адам тартылып, арнайы қоқыс таситын техникалар жұмылдырылды.

Тазалық акциясынан түлкібастықтар да қалыс қалмады. Түлкібас ауданы әкімдігі мен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары ұйымдасқан түрде Арыс қаласындағы 14 сектор аумағындағы көше бойлары мен әлеуметтік нысандар аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жалпы сенбілік барысында 23 көше мен арық атыздардың іші түгелдей күл-қоқыстан тазартылып, арнайы техниканың күшімен қоқыс тастайтын орынға тасымалданды. Сенбілікке 4-камаз, 2-погрузчик техникасы тартылып, 105 адам жұмылдырылды. Нәтижиесінде 130 м3 күл-қоқыстар шығарылды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі