Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Screenshot_3.jpg     

Жең ұшына жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгінің өзекті мәселесі. Ел өркендеуіне балта шабатын жемқорлықты жоюға Қазақстан да ат салысуда.

 Осы орайда Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы аудан/қала әкімдері қатысты. Комиссия мүшелеріне әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтары негізінде әзірленген біздің Агенттіктің елтаңбасы мен логотипі таныстырылып, олардың мән-мазмұны кең көлемде түсіндірілді. Алқалы жиында «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген сауалнамалық зерттеудің нәтижелері де талқыланды. Аталған қоғамдық қордың сарапшылары жүргізген сауалнамаға еліміздің барлық облыстары мен аудан/қалаларынан жалпы саны 9 000 респондент қатысқан. Түркістан облысы аталған сауалнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші орта деңгейдегі аймақ ретінде айқындалған. Десе де, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 8,2%-ы – полиция саласында, 5,7%-ы – жер қатынастарында, 5,1%-ы – денсаулық сақтау саласында, 3,0%-ы – салық органдарында, 1,9%-ы – балабақшаларда кездесетінін көрсетті. Ал, аудандардың арасында халықтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық деңгейі Отырар ауданында жоғары екендігі атап өтілді. Сауалнама нәтижелерін басшылыққа ала отырып,  Департаменттің бастамасымен жер және денсаулық салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы шешім қабылданды.Талдаудың нәтижелері қосымша ұсынылатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі