Жиын-терімге дайын

Screenshot_1.jpg

Жетісай ауданының диқандары жиын-терімге тас-түйін дайын. Егістік басында адамның күшімен қатар әрине техниканың күші болған маңызды.  Жақында  Жаңа ауыл әкімшілігінің дихандары мақта терім науқанын толық жинап алуы үшін агрегаттық техникалар дайындығын пысықтады. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша 40 комбайн жиын-терімге дайын.

Жалпы, Жаңа ауыл ауылдық округінде биылғы жылы 4677 гектар жерге шитті мақта егілсе, 1051 гектар жерге бақша, 220 гектар жерге жаңа жоңышқа, 300 гектар жерге ескі жоңышқа, 495 гектар жерге дәндік жүгері дәні себілген. Округ бойынша егілген бақшадан 27 111,2 тонна өнім алынса, мақта дақылынан гектарына 27 центнерден ақ алтын жинауды жоспарлап отыр.

Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың айтуы бойынша өткен жылы округтегі мақталық алқаптың 72 пайыздан астам жерін комбайнмен көтерген екен. Биыл бұл көрсеткішті 85 пайызға жеткізуді көздеп отырған айтып өтті. Бұл мақсатта шаруаларымыз комбайндарын техникалық тексерулерден өткізіп, кейбіреулері жаңадан комбайндар сатып алып жатыр.

Сондай жаңадан комбайн алған шаруаның бірі Серікбаев Мамыр ақсақал «Барақ ата» және «Али» шаруа қожалықтарында 150 га алқапқа әртүрлі дақылдар егілгенін оның ішінде 10 гектарға қауын, 8 гектарға қарбыз, және 12 гектарға қырыққабат ексе, қалған 120га алқапқа мақта егілгенін тілге тиек етті. Биылғы жиын-терімде мақтаны жауын-шашынға қалдырмай ысырапсыз жинап аламыз деген ойдамыз”, - дейді «АЛИ» Шару қожалығының басшысы Ділінбетов Оразбай Серікбайұлы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі