Ата-анасының жағдайы өте ауыр": Полицей құшақтаған сәбидің жағдайы белгілі болды

Ата-анасының жағдайы өте ауыр": Полицей құшақтаған сәбидің жағдайы белгілі болды                                            

                                            
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
               

Денсаулық сақтау министрінің орынбасры Қамалжан Надыров ұшақ апаты болған жерден полиция көтеріп шығарған баланың жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір ғана балалар ауруханасындағы науқастардың жағдайымен танысып қайттық. Олардың ішінде 9 айлық бала да бар. Оның жағдай тұрақты, жанында жақындары мен туыстары бар", - деді Надыров.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев ұшақта баламен бірге оның ата-анасы мен бауырлары болғандығын жеткізді.

"Полицей қолына ұстап шыққан сәби сол болуы керек. Олар төрт ағайындыекен. Барлығы да балалар ауруханасына орналастырылды. Олардың ата-анасының жағдайы өте ауыр, №4 ауруханада жатыр", - деп мәлімдеді Әбілдаев.

Балалар омбудсмені Аружан Саиннің сөзінше, құлаған әуе бортында болған алты бала жан сақтау бөлімінен шықпапты, тағы үшеуі балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығныда екен.

"Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғыда сынып кетіпті. Олардың барлығына ота жасалды. Жеткіншектердің бәрі рентгеннен, узиден, бас сүйегінің тамографиясынан өтті. Екі бала әлі есін жиған жоқ. Олар жансақтау бөлімінен шықпады. Балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жазды балалар омбудсмені өзінің Facebook парақшасында.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі