Алматыда экстремалды жарысқа қатысқан ер адам қаза болды


Instagram-да жарияланған жазбада спортшының жағдайы нашарлаған соң, оған дәрігерлердің 2 бригадасы көмектесуге тырысқаны туралы жазылды. 2 сағат бойы реанимациялық шаралар жүргізілді. Дегенмен, Дәулет Бейсембаев қаза болды.

Қазіргі кезде марқұмның өліміне не себеп болғаны анықталуда. Жарыс ұйымдастырушылары оны кейін жария ететінін айтты.

Nomad Race командасы спортшының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.

Adrenaline Nomad Race жарысының қатысушылары жолында кездескен шұңқырлар, тастар мен құбырлардан сәтті өтіп, тік қабырғаға шығып түсіп, батпақты шұңқырлар мен түрлі тосқауылдарды еңсерулері тиіс.

3 пен 10 шақырым аралығындағы қашықтықта 15-тен 45-ке дейін бөгет қарастырылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыда экстремалды жарысқа қатысқан ер адам қаза болды
  • Түркістан облысында 1 жасар сәби көпқабатты үйден құлап кетті
  • ІІМ-де кеңейтілген алқа отырысы өтті
  • Шығыс Қазақстанда 230 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады
  • Қазақстан жол сапасы жөніндегі рейтингте аутсайдерлер қатарында