Түркістан облысында 1 жасар сәби көпқабатты үйден құлап кетті


Төтенше жағдайлар комитеті балаларды үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.

«13 шілдеде Түркістан облысының Кентау қаласында Сейфуллин көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан үлкендердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы бүлдіршін терезеден құлап, мерт болды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға мұндай оқиғалардың көп жағдайда балалардың ата-анасының қарауынсыз қалған кездерінде болатындығын атап өтті. 

Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін келесі кеңестерді ескеру қажет. Атап айтқанда: балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау керек және шыбын-шіркейден қорғайтын торлар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындығын есте ұстау керек. Керісінше олар осындай жағдайларды орын алуына себепші болады. Себебі, торды бала тіреу болатын дүние деп түсінеді. Егер Сіз сәбиіңізге терезеден қызықты бірдеңені көрсеткіңіз келсе, оны жақсылап ұстап тұруыңыз керек және баланың кенеттен болатын қимылдарына дайын болғаныңыз жөн. Бөлмені желдеткенде де балалардың қауіпсіз жерде екеніне сенімді болыңыз. Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер! Ұйықтап жатқан баланы қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені ол кез келген уақытта оянып кетіп, терезе ұмтылуы мүмкін. Үйде жиһаздарды да мүмкіндігінше терезеден алысырақ орналастырған жөн.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы