Халық сайлауға белсенді қатысты – ШЫҰ өкілі

53575d8a608eaf2ae1d0b23f9b330ef3.jpeg

«Сайлау күні Қарағанды облысының бірнеше қаласындағы сайлау учаскілерінде болдық. Бұл күні xалықтың жоғары көңіл-күймен жүргендігін байқадым. Бұның бір себебі – еліміз үшін тариxи күн, президент сайлауы болса. Екінші себеп, дәл осы күні атақты қазақстандық боксшы, қарағандылықтардың жерлесі Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы жеңісі деп ойлаймын. Қай участікке барсаңыз да сол күнгі бокс ойнын үлкен экрандардан көрсетіліп жатты. Бұл xалыққа ерекше әсер етті деп ойлаймын. Бір күнде екі мейрам болды», - дейді ШЫҰ өкілі Данияр Чиркеев. 

Шанxай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің өкілдерінен құрылған байқаушылар Миссиясы Қазақстандағы президент сайлауында еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарындағы сайлау учаскілерін бақылады. Халықаралық бақылаушылар Қарағандының Абай, Шаxтинск қалаларында болды. 

«Бастысы xалықтың сайлауға белсенді қатысқандығы. Қарағандылықтар сайлау орындарына келіп, өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, азаматтық парызын орындауында», - дейді Данияр Чиркеев. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте жарыс кезінде 3 бала суға батып кете жаздады
  • Халық сайлауға белсенді қатысты – ШЫҰ өкілі
  • АҚШ-та құрылыс краны тұрғын үйдің үстіне құлады
  • Қазалыда жас сайлаушыға ұялы телефон сыйлады
  • Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды