Үш жарым мыңнан астам әскери қызметкер баспаналы болады

c47a4fa23f490c27ddcc5a3664506ec0.jpg

2018 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделін іске асыру басталғаннан бері ҚР ҚК 40 мыңнан астам әскери қызметкеріне жеке арнайы шоттар мен депозиттер ашылды.

Атап айтқанда, жаңа тұрғын үй заңнамасын іске асыру шеңберінде тұрғын үйді жалға алу немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдау ақысын төлеу, меншікке сатып алу үшін тұрғын үй төлемдерін беру жолымен, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалану арқылы 2018 жылы екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 20 миллиард теңгеге 1500-ден астам қарыз берді.

"2019 жылдың жарты жылдығында 2000-нан астам әскери қызметкер жалпы сомасы 30 миллиард теңгеден асты ипотекалық несие алды. Адамдардың бұл санаты "Әскери баспана", "Баспана хит", "7-20-25", "Қазақстандық ипотекалық кредит беру", "Нұрлы жер" және т.б. тұрғын үй кредиттеу бағдарламаларын іске асыруға байланысты ай сайын ұлғаяды", - делінген таратылған ақпаратта.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы