3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады

Алматыда енді 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптар ашуға рұқсат берілген. Қала мектептерінде мұндай кластар 8 қыркүйекте ашыла бастаған. Бүгінде бірінші сыныптың 3300, 2 сыныптың 686 оқушысы кезекші топтарда білім алуда.
image.png

Сандуғаш Бижанова, №175 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

Бірінші кластарда үш сынып бірдей ашылып отыр. Әр сыныпта 13 оқушыдан бар. Ал төртінші сыныптардан бір топ құрылып отыр. 2 сынып қазір 15 баладан отыр.

15 қыркүйектен бастап 3 және 4 сынып оқушылары да партада отырып оқитын болды. Қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша 1200 ата-анадан өтініш түскен. Бірақ арыз жазғандардың бәріне мектеп есігі ашық деген сөз емес. Әуелі білім мекемесінің санитарлық талаптарға сай екені анықталып, рұқсат берілуі тиіс. Содан соң ғана мекеме тарыдай болса да, талабы таудай балақайларды қабылдай алады.

Айгүл Есембердиева, оқушының анасы:

Жұмыстан қиындық туды. Біз таңертең баланы әкеп тастап жұмысқа қайта береміз. Сосын таңертеңнен бала үйде жалғыз қалып жатты да. Және оның сабағына қарайтын ешкім болмады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады
  • Қарағанды әкімінің орынбасары ұсталды
  • Білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірлерін жария етті
  • Қытай мен АҚШ қарулана бастады Ойнет жаңалықтар сайты: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?class
  • Өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды