Коронавирус пандемиясы кезіндегі басты қателік аталды

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің бас кардиологы Сергей Бойцов адамдардың коронавирустың таралуына жол ашатын басты қателігін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1586870286d242800e40c8b82fbfdafefa4b5d96a3.jpgБойцовтың айтуынша, инфекцияның таралуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - шектеулерді ішінара алып тастау кезінде маска тағудан бас тарту.

"Есте сақтаңыз: егер жұқпалы процестің екі қатысушысы да жұқтырған болса, бірақ ол туралы әлі білмесе және жұқпаған адам бетперде тағатын болса, біз осылай инфекцияның таралуын тоқтатамыз", - деді ол.

Бойцов сонымен бірге міндетті түрде қоғамдық орындарда және көлікте қорғаныс құралдарын киюге шақырды. Сондай-ақ, маман пандемия кезінде өзін-өзі емдеу қауіпті екенін атап өтті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды