Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

78e08f2a5ee5d744c7cdba12718d2874.jpg

Құрметті отандастар!

Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді. 

Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады.

Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор.

Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін.

Барша православ христиандарына және отандастарымызға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Асхат Аймағамбетов педагогтар үшін маңызды жаңалықпен бөлісті
  • Елордада коронавируспен күрескен дәрігерлердің суреттері қойылды (фото)
  • Өткен тәулікте елімізде пневмониядан 7 адам қайтыс болды
  • Қазақстандық оқушыларға биыл үй тапсырмасы берілмейді
  • Лукашенко Минскідегі резиденциясына автомат асынып келді