30 наурыздағы коронавирус бойынша әлемдегі жағдай: 33 984 адам көз жұмды

30 наурызда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 722 289 адамға жетті. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша АҚШ - бірінші орында, екінші орында - Италия, одан кейін Қытай - деп хабарлайды zakon.kz.

Screenshot_2.jpg

Ауруды жұқтырған және емделген адамдар туралы ақпарат жаңартылып отыратын Arcgis.com мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та коронавирустың 142 356, Италияда - 97 689, Қытайда - 82 149 фактісі тіркелген.

Вирус жұқтырғандар бойынша одан кейінгі орындарда Испания (80 110), Германия (62 435), Франция (40 723), Иран (38 309), Ұлыбритания (19 784), Швейцария (14 829) және Нидерланды (10 930) елдері тұр.

ТМД елдерінің ішінде бұл тізімге Қазақстаннан басқа Украина (475), Армения (424), Әзірбайжан (209), Өзбекстан (144), Беларусь (94), Қырғызстан (84) да енген.

Барлығы 33 984 адам вирустан көз жұмды, 151 901 адам емделді.

Қазақстанда 30 наурызда сағат 00.20-ға дейінгі уақыт бойынша 284 коронавирус инфекциясы тіркелді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды