Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары сабақтан соң еден жуады

image.png

Нұр-Сұлтан қаласында 7-11 сынып оқушылары сабақтан кейін, кабинетті тазалап, еденін жуып кетуге міндетті. Бұған оқушылардың ата-аналары да келісімін берген деп хабарлайды oinet.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен апта сайынғы брифинг барысында №80 мектеп директоры Гүлмира Жарменова айтты.

«Мектебімізде былтыр 7-11 сынып оқушыларына сабақтан кейін кезекшілік қойып, сынып кабинетін тазартып кету енгізілді. Балаларды жастайынан еңбекке баулу, еңбеке тәрбиелеу. Басқа кісілердің де еңбегін бағалау. Ата-аналарға бұл әдіс туралы айтқанда, тек бір ата-ана қарсы болды. Кейін олар да келісіп, баласы қазір жалпымен бірдей тазалық жұмысына араласып жүр. Балалар суға ешқандай дезинфекциялық қоспа қоспай, таза сумен жуып шығады. Себебі кейбір балада аллергия болуы мүмкін. Сондықтан олар тек сумен жуады. Ал техперсонал демалыс күні жақсылап дезинфекциялап тазартып жуады. Күніге 5-6 баладан қалады», - деді мектеп директоры.

Сонымен қатар, енді еліміздің мектептерінде әр тоқсанның басында бірінші сабақ «Адалдық білімі» жобасы аясында парасаттылыққа үйрететін сабақ ретінде үйретеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары сабақтан соң еден жуады
  • Олжас Сүлейменов: «Қазіргі әдебиетіміздің деңгейі нөлге тең»
  • Дана Нұржігіт «Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік» комитетінің мүшесі болды
  • Жүрекке де күтім керек
  • Салауатты отбасы – тәрбиеден басталады