Арыста баламалы электр энергиясы өндіріледі

1559107409480327.jpg

Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінде құрылып жатқан “International company of Cotton” компаниясының SPK-1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі гектарынан 6-8 тонна шитті мақта, 40 пайыз талшықты мақта өндіру көзделген жобаны жүзеге асыра бастады. Мақта өндірумен айналысатын мекеме 2020 жылға дейін жүзеге асыратын жобаның жалпы инвестициялық құны 5 млрд. теңгені құрайды. Кооператив меншігінде 5 мың гектар егістік жер бар. Бірінші кезең бойынша 2 мың гектар жерді жыл соңына дейін игеретін болса, қалған жерді келесі жылы пайдаланатын болады. Су шығынын 5 есеге дейін төмендететін технологияны қолданатын кооператив толық іске қосылғанда 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ Ақдала ауылдық округінде 2012 жылы құрылған «Қазына жер LTD» ЖШС-інің иелігінде 2858 гектар жері бар. Сүт өндірумен айналысатын серіктестік фермасында голштин-фриз тұқымды 1200 бас ірі қара бағылуда. Әр сиыр тәулігіне  26 литрге дейін сүт береді. Мұнда 52 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і 2018 жылы құрылған. Сусындар шығаратын серіктестік 1 гектар аумақта инвестициялық құны 250 млн. теңгелік жобаны жүзеге асыруда. Жылына 18 млн. литр су шығаруға қауқарлы цехта алдағы уақытта тәтті сусын түрлерін шығару жоспарланып отыр.

Қала аумағында салынып жатқан ірі жобалардың тағы бірі - «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станса. Франциялық «УрбоСолар» компаниясымен бірлескен жобаға жеке және Еуропалық даму банкінен 7 млрд. теңге қаралған. Стансаның жалпы аумағы 30 гектар жерді алып жатыр. Алдағы уақытта күн электр стансасы 14 мВт электр қуатын өндіретін болады. Жоба іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмысқа орналасады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • Кәсіпкер депутаттар жастармен кездесті