Түркістан – медициналық турзим орталығына айналады

9b1e1f20e038194efc239d0c29f3d02f.jpg

Меккеге парызын өтеуге барған адам міндетті ол жерден тәбәрік алып келуге тырысады. Ислам дінін ұстанушы мұсылмандар үшін негізгі тәбәрік – зәмзәм суы болып есептеледі. Қаншама адам қасиетті судан дәм татуды армандайды. Көпшілік зәмзәм суды ішкен адам көптеген кеселдерден айығады деп есептейді. Терең ойланып қарасақ, қазіргі таңда бұны да туристерді тарту үшін ұтымды пайдалануға болады. Дертіне шипа іздеген науқас жандар үшін Түркістан өңірінде де денсаулыққа пайдалы сулар бар. Мәселен, бүгінде Гауһар ана кесенесі маңындағы шипалы суды іздеп келіп, түсетіндердің қарасы қалың. Бұл жөнінде Түркістан қалалық туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дархан Абдуламитов:

– Түркістан-Отырар бағытында шипа су орналасқан. 2019 жылдың соңына дейін сол шипа судың басындағы нысан ақталады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда қаламызда мәдени-тарихи нысандардан бөлек, қаламызда медициналық туризмді дамыту жоспарлануда, - дейді. Нәтижесінде, шипалы суды жұртқа ұсыну арқылы оның басына салынған нысанға кеткен шығын өз-өзін ақтап алады. 

Яғни, медициналық туризм бүгінде үлкен сұранысқа ие. Қазір көптеген адамдар Мысырға, Түркияға жиі саяхаттап барады. Себебі, мұнда заманауи дем алу үрдісінен бөлек, тұзды үңгірлер (соляная пещера) бар. Бұл үңгірлер тиімді пайдаланған жағдайда адам бойындағы көптеген дертті өзіне сіңіріп алады. Осы үшін жұрт шетелге ағылады. Егер насихат жағы тиісті деңгейде жасалса, Түркістанда медициналық туризм дамып, туристер лек-легімен келетін күн алыс емес. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кесене айналасы мәдени-рухани орталыққа айналады
  • Туристерге сандық жүйе арқылы қызмет көрсетілмек
  • Туристердің қауіпсіздігі – басты назарда
  • Анимациялық фильм арқылы туристерді тарту қолға алынды
  • Тарихи жәдігерлер озық құралдар арқылы туристерге таныстырылады