Жоғарғы курс студенттеріне мемлекеттік қызмет мектебіне кіру тәртібі түсіндірілді

17

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Оңтүстік Қазақстан медицина Академиясының студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Жүздеген болашақ медицина қызметкерлерін жинаған кездесу барысында мемлекеттік қызмет мектебіне түсу, сынақ мерзімі, мансаптық өсу (меритократия қағидаты), сондай-ақ факторлы-баллдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында студенттерге елді одан әрі дамыту және аппаратты кәсібилендіруге қол жеткізу жолында мемлекеттік қызмет мектебін құрудың мақсаты таныстырылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеу Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының 4 курс студенттері арасында өткізілетіндігі хабарланды. Департамент қызметкерлерінің айтуынша, болашақта мемлекеттік мектеп студенттеріне мамандықтар бойынша мемлекеттік органдарда тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсыну жоспарлануда.

Іс-шара соңында студенттер жұмысқа орналасу, атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кіру туралы ақпараттарды беретін осы тұрғыдағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қабылдау бойынша толық ақпаратты Департаменттің www.memkyzmet.kz ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан және  87252 53-61-13 телефоны бойынша алуға болады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here