Жамбыл облысындағы апаттан кейін пойыздар жолға шықты

13

Мойынты-Шығанақ учаскесінде пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

«31 шілде сағат 22.16-да Мойынты-Шығанақ учаскесінде жолаушылар пойызының қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Ең бірінші болып №9 «Астана-Алматы» пойызы жүре бастады. Содан кейін №175 «Астана-Шымкент», №55 «Көкшетау-Қызылорда», №86 «Сарыағаш-Астана» пойыздары шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетсек, кеше Жамбыл облысында жүк тиелген пойыз рельстен шығып кетті. Соның салдарынан бес жолаушылар пойызы кешіктірілді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here