Танымал қазақстандық футболшы сот арқылы анасына 75 миллион теңге төлеуге міндеттелді

4

Басылымның хабарлауынша, сот шешімі Жоғары сот актілерінің базасында түр, оны еліміздің кез келген азаматы көре алады. 2015 жылдың 18 қазанында Марк Гурман пәтер алу үшін қолхатпен анасынан 75 миллион теңге қарыз алған. Бұл сомманы 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін қайтаруға тиісті болған Гурман өз міндетін атқармаған. Сотта футболшының өзі мен сол кездегі жары Анна сөйледі. Арыз беруші сомманы толық қайтаруды және де қосымша айыақы ретінде 1 577 569 теңге талап етті. Гурман сотта ақшасы болмағандықтан, қарызды уақытында қайтара алмағанын мәлім етті. Ал Анна мен адвокат арыз берушінің талаптарын қабылдамайтынын айтты. Өйткені қыз қарыз берушіден ақша алмаған және қарызды қайтару туралы оған ешкім ескертпеген. Ақырында сот жауап берушілерді 75 миллион 100 мың теңгені қайтаруға, сондай-ақ, мемлекеттік баж салығы бойынша сот шығынына 751 мың теңге төлеуге міндеттеді. Гурман футболдағы мансабын Израильде “Хапоэль” мен “Маккаби” командаларынан бастады. Израильдің жастар құрамасына шақырту алғанымен, 2010 жылы ол Қазақстанға оралды. 2018 жылы ол “Қайсардың” құрамында 19 ойын өткізді. Бұдан бөлек, Гурман қызылордалық клубпен, “Астана”, “Қайрат” және “Тобол” құрамаларында өнер көрсетті. 2011 жылдың тамыз айында Гурман Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Бас-аяғы 25 ойынға қатысты. Соңғы рет ұлттық құрама үшін 2015 жылы өнер көрсеткен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here