ШЫМКЕНТТІК КОЛЛЕДЖДЕ «SANALY URPAQ» ФРОНТ-ОФИСІ МЕН «АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ» АШЫЛДЫ

8

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Жол-көлік колледжі ғимаратындаШымкентте алғаш рет «Sanaly Urpaq» фронт-офисі ашылды.

Ашылу салтанатының лентасын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов пен қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Текебаева қиды.

Ашылу салтанатының лентасын қиған қос мекеменің басшылығы, «Sanaly Urpaq» фронт-офисі қызметінің басым бағыттарымен танысты.

«Білім беру саласы жастардың білім беру ғана емес, рухани және мәдени дамуының факторы болып табылады,ол тәрбие үдерісіне белсенді қатысады. Сондықтан білім беру мекемелерінің қабырғасында негізгі өмірлік ұстанымдар мен адами құндылықтар қалыптасады. Бүгінгі фронт-офисті ашуымыздың да мақсаты – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау және де білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру болып табылады» – деді А.Шілманов.

Сондай-ақ, Айбек Ақбергенұлы аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бастамасымен жүзеге асып жатқандығын жеткізіп, Шымкент қаласында алғаш болып қолдаған білім басқармасы мен Колледж басшылығына алғысын білдірді.

Одан әрі, колледж ғимаратында «Адалдық дүкенінің» ашылу рәсімі өтті. “Integrity Shop” жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, колледжде өткен іс-шаралар барысында студенттер флешмоб ұйымдастырып, «Sanaly Urpaq» фронт-офисінің ашылуына арналған арнау айтылды.

Айта кету керек, бұған дейін «Адалдық дүкені» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here