Шымкентте жер мәселелері бойынша семинар өтті

11

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастары саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады деп атап өткен болатын.

Сондай-ақ, Жолдауда бұл салада ашықтықтың жоқтығы, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отырғандығы айтылған.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жоғарыда аталған себептер мен жағдайларды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде жер мәселелері бойынша бірқатар тегін семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Шымкент қалалық оқушылар сарайында  жер мәселесі бойынша тегін семинар өтті.

Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек шақырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласының тұрғындарымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Ұлттықбюро, Прокуратура, «Нұр Отан» партиясы және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Азаматтар бірқатар мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңестер алды. Атап айтқанда,

– жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру;

– жердің мақсатын өзгерту;

– жерді басқару процесі, жер телімдерінің саралануы;

– жер телімдерінің игерілмеуінен немесе мақсатты пайдаланбауынан, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алу;

– өз бетінше құрылыс жүргізу;

– жер телімдерін қабаттастыру, шекара салу;

– су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл сызықтар, санитарлық-қорғау аймақтары;

– жерді заңсыз алу және т.б.

Семинардың басты ерекшелігі сарапшы жер телімдерін беру, заңды тіркеу, алып қою үрдістерімен қатар, жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықты тану жолдарын, жердің мақсатты бағытының өзгеруінің қыр-сырын, сондай-ақ, жер-кадастрлық ақпаратты алу жолдарын, проблемалық мүлікті заңдастыру және т.б. мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here