Шымкент қаласында делдалдарды жою бойынша жұмыстар күшеюде

17

Әлеуметтік желілер мен қоғам белсенділері тарапынан қоғамдық бақылау күшейгені ерекше байқалады.

2018 жылы Департамент пен арнайы мониторингтік топ мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында жасанды әкімшілік кедергілерді анықтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жасырын тұтынушы» әдісімен 15-тен аса бақылау іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде талонсыз кезектілік, ғимарат ішінде тиісті ауа температурасы сақталмағаны, құжаттарды беру секторында азаматтарға дайын құжаттарды кешіктіріп берілуі, тиісті бланкілердің болмауы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеу сияқты кемшіліктер орын алған.

Сонымен қатар, Мамандандырылған ХҚКО-да делдалдардың (помогайки) заңсыз әрекеттермен айналысатыны анықталды.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде заңсыз әрекеттермен айналысатын 26 делдалдар анықталып, оларға әкімшілік жазалар қолданылды.

Департаменттің бастамасымен жүзеге асырылып отырған қоғамдық бақылау жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы әрдайым қатаң бақылауда болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында Сіздің құқығыңыз бұзылған болса Қазақстан Республмкасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (Шымкент қаласы Тауке-хан даңғылы №3 үй, байланыс телефоны 515151) шағымдануға мүмкіндіктеріңіз бар екендігін жеткіземіз.

 

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы А.Джумакулов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here