Сарыағашта футболдан «Студенттік лига» ойыны өтті Ескерту! ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

7

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында спорттың кіші футбол түрінен «Студенттік лига» ойыны өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады. Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау. Тартысты өткен бұл жарыстың нәтижесінде І-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІ-орынды Қапланбек аграрлық – техникалық колледжі, ІІІ-орынды Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі иеленді. Жарысты тамашалауға, жастарды қолдауға Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, жастардың жанашыры Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков қатысты. Жарыс соңында аудан басшысы жастарды бүгінгі «Студенттік лига» ойынымен құттықтап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here