Отырарда “Арыс жағалауы” саябағы ашылды

7

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір елдімекенінде “Арыс жағалауы” саябағы және Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалды кешен ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев пен Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен батыр С.Әшіровтың жұбайы әже
қатысып, лентасын қиды. Отырар ауданын Сырдария мен Арыс өзені кесіп өтеді. Қазақ ақындарының жырына арқау, композиторлардың шабытын қозғап әнге айналған қос өзен отырарлықтардың мақтанышы. Шәуілдірді аралап өтіп, Дарияға құятын Арыс өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы аяқталып, тұрғындардың демалыс аймағына айналды.

-«Бүгін біз 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде ашып тырған мемориалдық кешен – қан майданда толарсақтан саз кезкен майдаргерлерге құрмет деп білеміз. Өткенімізге шегініп қарайтын болсақ, 1945 жылы адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Сол бір сұрапыл жылдарда 3000-нан астам отырарлықтар майдан даласына аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Ал елге аман есен оралған кешегі майдангер, бүгінгі ардагерлеріміз еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етудің өнегесін керсете алды. Олай болса, олардың біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы теңдессіз ерліктері мен табандылықтары, ерен еңбектері ғасырлар бойы жасай береді. Бұл күндері сол ескірмес естеліктер, көзі тірі ардагер – ақсақалдардың жүрегін мазаласа, сұм соғыс салған қанды қырғын жайлы тек ардагерлер аузынан естіп білген кейінгі жастардың да жанын толқытады. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік мыңдаған қазақстандықтардың тұла бойынан жалындап тұрды. Бүгінгі ардагер – кешегі жауынгер. Ол кезде небәрі 19-20 жастағы азаматтар ата-бабасының батылдығын, батырлығын, ержүректігін бойына сіңіріп өскен қазақ жауынгерлері, батыр ағаларымыз, жастығына қарамай бір қиырда жан алысып, жан берісіп, кескілескен ұрыстарға қатысып, керемет ерліктер жасады. Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен және бүгінгі тарихи нысандардың ашылуымен құттықтаймын!»-деді облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев.
Нысанның мақсаты – өзен жағалауын судың бұзуынан сақтау, әрі жаяу жүргіншілер серуендейтін саябақ орната отырып аудан тұрғындары жадына мәңгілік тарихи тұлғалар бейнесін дәріптеу болып табылады.

-“Арыс жағалауы” саябағы төрінде отырарлық қос қаһарман, Кеңес Одағының батырлары Сейітқасым Әшіров пен Темірбек Ибрагимовтардың ат үстіндегі ескерткіштері орнатылған. Ал ескерткішті айнала екінші дүниежүзілік соғысына аттанған 3866 отырарлық майдангердің есімдері мәрмәр тақтаға ойылып жазылған. Қос батырдың бірі жаяу әскер қатарында, екіншісі барлаушы болып майданға кірген. Ескерткіштегі батырлардың ат үстінде жасалу себебі, ержүрек бабаларымыз ғасырлар бойы сыртқы жауына ат үстінде жүріп тойтарыс беріп елін, жерін қорғаған. Отырарлық қос батырымыз ұлы бабалардың ұрпағы, әрі заңды жалғасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да атқа міну мәдениеті туралы айрықша сөзі бар. Жау жүрек бабалар біздің мақтанышымыз, ұрпақтың мақтанышы. Олардың есімдері мәңгілік ел есінде сақтала бермек”-деді аудан әкімі Ерлан Айтаханов.

Салтанатты жиыннан соң Отан үшін от кешіп, құрбан болған боздақтарға арнап ас беріліп, Құран бағышталды.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here