Олимпиада жүлдегері Денис Тен қайтыс болды

26

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен 25 жасында өмірден өтті.

Спортшыны шілденің 19-ы күні Алматыда түс ауа белгісіз екі адам пышақтап кеткен. Алған жарақаттан Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттықожин спортшының клиникаға өте ауыр жағдайда жеткізілгенін айтты.

“Туысқандарына, жақындарына көңіл айтамыз. Ауруханаға клиникалық өлім жағдайында түсті. Жедел жәрдеммен жеткізілді. Екі сағаттан астам операция жасадық. Өмірін құтқарып қалу үшін дәрігерлер барын салды. Маңызды органдары қатты зақымданған” деді дәрігер.

Оқиға болғаннан кейін Денсаулық министрлігі Азаттыққа пышақ жарақатын алған спортшы Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілгенін мәлімдеген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here