Коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртегіндегі артық төлемдерден құтылуға болады

532

Сіз қажетсіз деп есептейтін төлемдер келе беретін болса, не істеу керек? “Үйдің кіреберісін тазалау”, “Видеобақылау”, “Домофон” және тағы да басқа қызмет түрлерінен қалай құтылуға болады? Krisha.kz редакциясы мұндай қызмет түрлерінен заңды түрде қалай құтылуға болатынын анықтады.

Кез келген ортақ мүлікті пайдаланудағы қызмет көрсету түрлерінің азаматтардың келісімімен ғана болуы тиіс екенін білу өте маңызды, нақтырақ айтқанда, пәтер иелерінің үштен екісінің келісімі болуы тиіс. Сонымен қатар, жиналыстың хаттамасы мен келісімін берген пәтер иелерінің тізімі болуы міндетті. Осыдан кейін қызмет көрсетуші компания әрбір қожайынмен келісімшартқа отыруы керек.

Алайда, “Крыша” мәліметтері бойынша, кейде құжаттар мүлде рәсімделмейді немесе ПИК басқармасы мен компания басшылығы қол қоя салады. Мұндай жағдайда тұрғындар жиналыс ашып немесе қызмет көрсетуін тоқтату жөнінде фирмаға хат жаза алады. Ең бастысы, бас тартуға тұрғындардың үштен екі бөлігі дауыс беруі тиіс.  Егер қызмет көрсетуші компания тұрғындардың талабын елемейтін болса, түбіртектен керексіз төлемдерді алып тастауға болады. Ол үшін, мысалы, БЕО (Астана) немесе АЕО (Алматы) орталықтарына өтініш жазып, келісім бермегендердің тізімі бар, жиналыстың хаттамасын жолдау қажет. Айта кетейік, бұған дейін “Крыша” Алматыда кейбір төлемдердің (“Мүлікті сақтандыру”, “Құтқару қызметі”, “Заңдық кеңес” және тағы да басқа) түбіртектен біресе жоғалып, біресе пайда болғанын жазды. Кейін ерікті түрде төленетін төлем түрлері түбіртектерден алынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here