Қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қашкен испандық клубқа өтті

4

Қазақстандық жасөспірімдер құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен испандық “Касабланка” клубына өтті деп хабарлайды SPORTINFORM агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
19 жастағы футболшы Испанияның жастар лигасы клубымен келісімшартқа отырып, осы маусымның аяғына дейін сонда ойнайтын болады. “Сарагосы” футбол клубының фарм-клубы болып табылатын “Касабланка” испандық командалардың дублерлер чемпионатында ойнайды.

Қашкен екі жыл бұрын Испанияда дәл осы “Касабланкада”, сонымен қатар “Атлетико” командасының құрамында ойнаған болатын.

Содан кейін футболшы “Астана” қосалқы кұрамына өткен. Ал өткен маусымды Дінмұхамед Қашкен бірінші лиганың “Жетісу -Б” құрамында өткізген. Ол еліміздің дарынды футболшыларының бірі, бірақ отандық премьер лигаға әлі қатысып көрмеген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here