Қазақстан хоккейшісі әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті

3

Канадада өткен хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Гатиятов әлем біріншілігінің үздік шабуылшылар үштігіне ілікті.

Sports.kz мәліметінше, Қазақстан хоккейшісі ресейлік Григорий Денисенко мен фин Алекси Хепониемиге ғана жол берді.

2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының алтынын Финляндия құрамасы жеңіп алды. Ол финалда АҚШ командасымен қарсыласып, матчты 3: 2 есебімен ұтқан еді.

Ал үшінші орын Ресейдің жастар құрамасына бұйырды.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамысының қақпашысы Демид Еремеев те жақсы ойын көрсетті. Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы элиталық дивизионда орнын сақап қалды

.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here