Индонезияда күшті жер сілкінісінен 13 адам опат болды

11

Индонезияда жексенбі күні таңертең болған күшті жер сілкінісі салдарынан 13 адам мерт болып, бірнеше ондаған адам зардап шеккен.

Қаза болғандар арасында бір малайзиялық бар деп хабарланды.

Үш миллионға жуық тұрығыны бар Ломбок Тимур аралында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. Табиғи апат құрбандарының саны көбеюі мүмкін деп жазды Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында Табиғи апаттың алдын алу қызметінің өкілі Сутопо Пуруо Нугрохо:

Бали аралынан қырық шақырымдай қашықтағы Ломбок аралы туристер көп баратын орындардың бірі саналады. 2004 жылы Индонезияның Суматра аралында теңізде болған жер сілкінісінің соңы цунамиге ұласып, 220 мың адам ажал құшқан болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here