Дін қызметкерлері діни ахуал жөніндегі ойларын ортаға салды

5

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекетте – көптеген діндер болатыны белгілі. Көп дін болған жерде түрлі қақтығыстар орын алуы әбден мүмкін. Себебі, әр түрлі көзқарастағы азаматарын өз дінін дұрыс деп есептеп, өзгелерді кемсітуі мүмкін. Міне, бұндай жағдайға жол бермеу керек. Қазақстан осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, Қазақстан 130-дан аса ұлт өкілдері тату-тәтті тұратын, діндері бір шаңырақтың астында берекелі тұрып, әлем елдеріне үлгі болуда.

Жақында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай, Сайрам ауданы Ішкі Саясат бөлімінің басшысы А.Жақыпбеков діни бірлестік қызметкерлерімен кездесіп,атаулы мерекемен құттықтады. ҚМДБ Түркістан облысы Сайрам ауданы бойынша бас имамы И.Панов пен православ діни бірлестігінің дін қызметкерін қабылдады.

Бөлім басшысы Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Елбасы Н.Назарбаевтың сөзін мысал етті. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті» – деп айтып өтті.

Ал дін қызметкерлері діни ахуал жайлы ойларын ортаға салды. Аудан аумағында діни бағытта жүргізілген жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Қабылдау соңында дін басшыларына мерекеге орай, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here