“Әулеттің масқарасын шығарды”. Некесіз бала босанған қызды өз шешесі өлтірген

10

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноқат ауданында шешесі туған қызын некесіз босанғаны үшін өлтірген. Шешесімен қоса қызын туған бауыры да өлтіріпті. Бұл туралы kaktus.media құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Туыстары 22 жастағы қызды байлап ұстап, Найман су қоймасына тастаған. Оның денесі 2 шілдеде Бел ауылының маңынан табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, марқұмның денесі 10-12 күндей шамасында су астында жатқан.  “Қыздың басы жарылып, аяғы байланған. Шешесі қызын суға құлатқанын мойындады, бұл ісін қорқыту үшін жасадым деп отыр”, – деді Ош облыстық ІІБ өкілдері. Сөйтсек, биыл мамырда қыз некесіз бала босаныпты. Ол мұнысын туыстарынан жасырып, баласын бөтен адамдарға тәрбиелеуге берген. Нәтижесінде шешесі мен ағасы бұл туралы біліп, бұл ісі арқылы “әулетті қорлады” деп есептеген.  Айта кетерлігі, күдікті мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, жасы 47-де. Өзі ажырасқан. Жауап алу кезінде ол қызын қашып кетпесін деп байлап қойғанын мәлімдеген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here