АҚШ-қа виза алуға не кедергі болуы мүмкін?

22

Түрлі бағдарамалар бойынша АҚШ-та білім алып немесе жұмыс істеу үшін визаның маңызы жоғары. Дегенмен визаны алу мүмкіндігі бәріне бұйыра бермейді. Оны алу үшін қойылатын талаптар мен міндеттер бар. Ал консулдық ұйым сізге визаны бермесе, демек мына қателіктерге жол бердіңіз:

1. Туған жермен байланысу мүмкіндігіңіздің аздығы: Консул офицерінің міндеті – әрбір шетелдік азаматты иммигрант ретінде қабылдау, ал шетелдік азаматтың міндеті – оған бұл ойының қате екенін түсіндіру. Оны өзіңіздің жұмыс орныңыз туралы анықтама, жылжымайтын мүлкіңіз туралы құжаттар мен отбасыңыз бен туысқандарыңыз туралы ақпарат арқылы дәлелдейсіз. Консулдық көбіне жастарға визаны бермейді. Оның басты себебі – олардың отбасы (балалары, жары) болмауы, үйінің немесе көлігінің жоқтығы мен жұмыссыздық. Жастардың бойында күш-жігер болады, олар әртүрлі қоғамға еркін бейімделе алады. Сондықтан олардың АҚШ-та қалып қою мүмкіндігі жоғары.

2. Шетелге сирек шығу: АҚШ визасын алуға кедергі келтіретін тағы бір себеп – виза тарихының аз болуы. Барған елдердің саны емес, олардың сапасы есепке алынады: сіздің уақытында қайта оралуыңыз, заң бұзушылықтан аулақ болуыңыз.

3. Күдікті шақыртулар: АҚШ-та қалудың ең оңай тәсілі – америкалық азаматқа тұрмысқа шығу немесе жарыңыз ету. Сондықтан көпшілігі ғаламтордың көмегіне сүйенеді: танысып, сөйлесіп, отбасын құруға шешім қабылдайды. Егер мұны АҚШ-қа барудағы басты себебіңіз ретінде көрсетсеңіз, визамен қош айтыса беріңіз. Сонымен қатар жұмысқа байланысты күдікті шақыртулар да визаны алуға кедергі болады.

4. Сенімсіз мақсат пен уайым: Егер АҚШ-қа барудағы мақсатыңызды сұраса, нақты әрі сенімді жауап беріңіз. Мысалы мақсатыңыз саяхаттау болса, қай қалаларды көргіңіз келеді, барғыңыз келетін концерттер – осының бәрін айтыңыз. Визаны сіздің көңіл-күйіңіз бен өзіңізді ұстауыңызға қарап-ақ бермеуі мүмкін. Уайымдап немесе өзіңізді қобалжығаныңызды анық көрсетсеңіз, өз мүмкіндігіңізді азайтасыз.

5. Заң бұзушылықтар: Егер алғашқы сапарыңызда консул белгілеген уақыттан кеш келсеңіз, америкалық дүкеннен шоколадты ұрласаңыз, қоғамдық ортада ішімдікпен ұсталсаңыз, туристік виза арқылы жұмыс істесеңіз – сізге виза бермеу ықтималдылығы жоғары. Егер белгіленген уақыттан лимитті 6 айдан 1 жылға дейін созсаңыз, сізге АҚШ-қа кіруге 3 жылға тыйым салынады. Ал одан көп болса, алдағы 10 жыл бойына АҚШ-қа саяхаттай алмайсыз.  Міне, бұл – сіздің виза алуыңызға кедергі келтіретін басты себептер. Болашақта виза алуды жоспарлап отырсаңыз осы қателіктерге жол бермеңіз. Саяхатыңыз қызықты өтсін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here