АҚШ ғалымдары жер-жаһанды су басатынын айтып, дабыл қақты

187

АҚШ ғалымдары теңіз деңгейінің көтерілуі салдарынан әлем елдерін топан су басатынын айтып, дабыл қақты. 

Теңіз деңгейі жарты метрден астам биіктікке дейін көтерілуі салдарынан әлемнің әр түкпірінде су маңында орналасқан елдер су астына кетуі мүмкін.

Мұндай болжамды зерттеушілер соңғы 25 жылда жасанды серіктен алынған ақпараттардың негізінде жасап отыр.

Олар 1993 жылдан бері дүниежүзілік мұхиттың суы жылына 0,084 миллиметрге өсіп жатқанын алға тартты.

“Нәтижесінде 2005-2100 жылдары мұхит 65 сантиметрге көтеріліп, көптеген елдер су астына кетуі ықтимал”, – дейді ғалымдар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here