Жоғалған қызды анасымен табыстырды

071.jpg

Түркістан облысы әкімінің талабы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдағы құқықбұзушылықты болдырмаумен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауы тиіс. Бұл бағытта қызметіне адал полицейлер Сарыағаш ауданында жоғалып кеткен қызды тауып, анасына табыстады.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы полиция лейтенанты Палходжаев Берік Аппазович жолда екі жасар қыздың жалғыз өзі жүргенін көреді. Осы дерек бойынша жасөспірімнің ата анасын анықтау мақсатында дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетеді. Нәтижесінде екі жасар жасөспірімнің анасын тауып, анасына аман-есен табыстады. Жасөспірім қыздың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне шексіз алғысын білдірді.
Тексеру барысында анықталғандай қыздын анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүргенде кезінде, қараусыз қалған екі жасар қызы үй ауласынан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткені анықталған. Сонымен қатар, қыздың ата анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүрггізілді.
Түркістан облысы полиция департаменті жасөспірім балаларды жеке өзін ешқайда шығармауға, қараусыз қалдырмауды ескертеді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады