Сайрамда тәртіп сақшылары 335 құқықбұзушылықты анықтады

067.jpg

25-27 тамыз аралығында Түркістан облысы әкімінің  көшелерде және басқа да орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатындағы тапсырмасын жүзеге асыру барысында өңір полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Сайрам ауданының өзінде 4 қылмыс ашылып, 335 құқықбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, Сайрам аудандық Полиция бөлімінің мамандары іздеуде жүрген қылмыскерді ұстап, 11 борышкердің орналасқан жерін анықтады. Аталған іс-шараны өткізуге аудандық полиция басқармасының 70-ке жуық қызметкерлері және 12 қызметтік автокөлік, оның ішінде патрульдік полицияның 3 автоэкипажы жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 2 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты және автокөліктерді мас күйінде басқарған 2 мас жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ, полицейлер 18 ұсақ бұзақылық, 16 мас күйінде қоғамдық орында болудың жолын кесті. Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 11 жасөспірімді анықтап, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 2 адамды жауапкершілікке тартты. Көші-қон желісі бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында тұру ережелерін бұзғаны үшін 13 шетелдікті тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз ұстады.
Өз кезегінде Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицияның имиджін арттыруға, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолдардағы апаттылықты азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады