Түркістан облысында 13 қылмыстық топ құрықталды

91.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мал ұрлығын тыю мақсаитында қолданыстағы заңнаманы қатаңдатқаны белгілі. Осы бағытта Түркістан облысы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында Полиция департаментінің қызметкерлері бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жыл баснан бері  мал ұрлығымен айналысқан 13 қылмыстық топты түрмеге тоғытты.

Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Түркістан облысында мал ұрлығының жалпы саны 30,1 пайызға (365-тен 255-ке дейін) төмендеген. Мал ұрлығының ауыр түрлерінің ашылуы 71,7 пайыздан 78,6 пайызға жетті. Ал орташа ауырлықтағы мал ұрлығын тіркеу 48,8 пайызға төмендеді (297-ден 152-ге дейін). Осы аралықта полицейлері 77 мал ұрлығына қатысы бар 35 азаматтан құрылған 13 қылмыстық топты ұстады.

Мысалы, криминалдық полиция қызметкерлері 2020 жылдың мамыр айында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан және Кентау қалаларының аумағында 3 жыл бойы мал ұрлаумен айналысқан 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Тергеу қылмыстық топтың 19 мал ұрлығына қатыстылығын дәлелдеді. Олар барлығы 125 жылқы мен 30 бас ірі қара малды жымқырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден 19 жылқы мен 9 сиыр тәркіленіп алынды. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады