Суретшімен сырласу

Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия оқушылары ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Серікбай Жорабековпен кездесті. Шығармашылық кездесудің мақсаты -  жас буынның өз бойларындағы жасырынып жатқан шығармашылық қабілеттерін ашу және шыңдау.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде, суретшінің өнерімен танысқан оқушылар мен ұстаздар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір бөлісті.

Талант туыла біткенмен, оның толысып, өсіп-өркендеуі адам жүрегінде жатқан бір сиқыр. Оны жарыққа шығаратын құдірет ол – өнер. Серікбай Құлышұлы бірнеше жылдық еңбек жолындағы құнды туындыларын өзімен бірге ала келген. Әр шығармасында үлкен мән бар. Еңбектері жан-жақты жанрды қамтыған. Әр шығармасы тарихпен байланысқан, шынайы көркемдігімен көз тартады.

Серікбай Құлышұлы мектеп оқушыларына шеберлік сабағын өткізді. Тамаша туынды бейнелеудің қыр-сырын, суретшіге тән қасиеттерді, қарапайым қарындашты ұстаудың өзіндік әдісін, су бояуының мағыналы сурет шығарудағы орнын түсіндірді. Натюрморт салып, жеке тәжірибесімен бөлісті. 

Сонымен қатар, өзінің басынан өткен қызықты хикаяларымен бөлісіп, жастарға мотивациялық күш болар ақыл-кеңестерін жеткізді. Оқушылар суретшінің өзімен бірге алып келген өнер туындыларын тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Суретшімен сырласу
  • Ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті
  • Жас кәсіпкерге кеңес берді
  • Аяқ-киімді цифрлық таңбалау – заңсыз тауар тасымалдаушылармен күрес
  • Оқушылар кәсіпкерлік жобаларын ұсынды