Жас кәсіпкерге кеңес берді

Screenshot_1.png

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бастау Бизнес» жобасының тыңдаушыларының арасында «Белсенді қатысушы 2021» конкурсы өткен болатын. 

 Жеңімпаз атанған тыңдаушылар-Кәсіпкерлер палатасы директорының алғыс хатымен марапатталып және қаламыздағы белгілі кәсіпкерлермен жеке кездесуге мүмкіндік алды.

Конкурс жеңімпазы-Заманбек Бұхарға үлкен мүмкіндік туып «Nurtau distribution company» ЖШС директоры Абай Мырзабаевпен жеке кездесу ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік құпиясымен бөлісті. Өзінің кәсіпке қалай келгендігін, кәсіпкерлік жолындағы қаншама қиындықтар мен тосқауылдардан қалай өткенін баяндап, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі таңдағы өндіріп жатқан тауарларымен таныстырып кәсібін қалай жүргізетінін айтып өтті. "Зерттеуші мамандардың айтуынша 100 адам бизнес бастаса соның 98-і жарты жолда кері қайтады екен. Яғни тек 1, максимум 2 пайызы ғана өсетін көрінеді. Сіз сол 99 пайыздың ішінде қалып қоймауыңыз керек. Бизнесте тепе-теңдік ұстай отырып, тек алға жүру маңызды",- дейді кәсіпкер. 

Абай Төленбайұлы  белсенді қатысушыға көптеген кеңестер мен өзінің кәсіпте кездесетін көптеген ақпараттар айтып, алдағы уақытта бастауыш кәсіпкерге жұмысына сәттілік тіледі!!!

Айта кетейік, «Nurtau distribution company» ЖШС бүгінде сағатына 300-400 келі шоколадты печенье, 400-500 келі сағыз өндіреді. Мүмкіндігі артқан мекеме тауарларына сұраныс жоғары. 2016 жылы негізі қаланған өндіріс орны алғашқыда импорттық тауарларды, атап айтқанда, жеке гигиена құралдары мен жуғыш заттарды сатумен айналысқан.

Мамандардың дерегінше Шымкент қаласында аталмыш жобаға қатысушыларға ағымдағы жылы 105 миллиард теңге көлемінде шағын несие бөлінген. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас кәсіпкерге кеңес берді
  • Аяқ-киімді цифрлық таңбалау – заңсыз тауар тасымалдаушылармен күрес
  • Оқушылар кәсіпкерлік жобаларын ұсынды
  • Үздік кәсіпорындар анықталды
  • Демеуші есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылды