Созақ ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде азаматтарды жеке қабылдауды офлайн режимінде өткізді.
Жеке қабылдауда Созақ ауданының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация берді.
Сондай-ақ, Қ.Оразов ауданның жер қатынастары және құрылыс бөлімінің қызметшілерімен де Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша көшпелі жиын өткізді.
Жиын барысында басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде дөрекілікке жол бермеу, таза ауысымдылық деңгейін төмендету, карантин талаптарын сақтау, қызметтен тыс уақытта масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, мемлекеттік меншіктегі автокөлік құралдарын тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану, қоғаммен кері байланыс орнату, жарияланған мақаланы неғұрлым жылдам уақытта зерделеп, оның дәлелi расталмаған жағдайда БАҚ өкілдерімен, блогерлермен бірлесіп дәлелiн жоққа шығаратын іс-шараларды жүргізу мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға Әдеп кодексінде бекітілген мінез- құлқының негізгі стандарттары жазылған брошюралар таратылды.