Құрылыс нысандары әкім назарында

Screenshot_17.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Солардың бірі - Қонаев даңғылы жалғасында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары. Бүгінде 3-кезеңге сәйкес Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықта жұмыстар қарқынды жүруде.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жылдар аралығына жоспарланған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС-на жүктелген.

3-кезеңдегі жұмыстар жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 12000м3 жер жұмыстары және 2 дана темір жол көпірінің негізін құю және 2 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалған.

Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстарын жалғастыру үшін Терешкова көшесінен темір жолға дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажеттігі туып отыр. 

Осыған орай, қала әкімі мемлекет мұқтаждығына қайтару керек үйлердің тұрғындарымен келіссөздер жүргізіп, халыққа тиімді болатын жағдайларды қарастыру керектігін жеткізді.

Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына жауапты мердігер - «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м, ал Рысқұлов көшесі бойынша - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр.

Бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Тіреу қабырғаларын құю (680 м), уақытша электр бағаналарын орнату (7 дана), 120 дана свай құю, жер жұмыстары (112 000 м3), қуаттылығы 110 кВ электр желісін уақытша айналма желісіне қосу және тағы басқа жұмыстары орындалды. Қазір жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю, тіреу қабырғаларын құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс барысын аралаған қала әкімі құрылыста орын алған кемшіліктерді  жоюды тапсырды.

Айта кетсек, Қонаев даңғылын жер асты өткелі арқылы көліктердің қозғалысына ашу осы жылдың  қазан айына дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көлік қозғалысы үшін  қарашаға дейін ашу жоспарлануда. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды