Қоғамдық келісімді сақтау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі

Screenshot_15.png

Елімізде этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді сақтау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінде Шымкент қаласында көптеген этнос өкілдері қазақ ұлтымен тонның ішкі бауындай тату-тәтті бірге тіршілік кешуде. Бұл әрине Елбасының сарабдал, бейбітшіл саясатының арқасы деп білеміз. Ұлтаралық татулықты одан әрі нығайту үшін Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі ел ішінде көптеген шаралар өткізіп келеді.

Жақында мекеменің ақпарттық – насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы құрылған ақпараттық-насихаттық жұмыстар жоспары бойынша   қаладағы Әл-Фараби ауданына қарасты Забадам тұрғын алабындағы тұрғындармен   кездесу өткізді.

Кездесу карантин талаптарын сақтай отырып,  көшелерде мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытындағы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік этносаясаттың бағыттарын түсіндіру, аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселелерді айқындау мақсатында  ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар Қазақстанда көп эт­ностың мамыражай тірлік ке­шуінің мәнін ашып беріп, елі­міздің татулық пен тұтастықтың үлгісіне айналатынын жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың уа­қыт өте келе қазақ тілінің елі­міздегі ұлтаралық қатынас тілі­не айналуы қажеттігі туралы тұ­жырымдамалық идеясының келешегі зор. Бұл – өте маңызды тезис. 

Елдегі бейбітшілік пен ке­лісім – мемлекет үшін маңызды басымдық. Мемлекеттік органдар үшін ұлтаралық келісімді, бейбітшілік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – әрқашан басты міндет саналады, оны іске асыруға мемлекеттің бар­лық ресурсы бағытталады.

Мамандармен жүздескен тұрғындар көкейдегі ойларын ортаға салып, толғандырған мәселелерін жеткізді.





Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Төлебилік шаруалар омарташылықты өркендетіп отыр
  • Қоғамдық келісімді сақтау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі
  • Топырақ жолдарға тас төселіп жатыр
  • Шығыс пен Солтүстікте жұмыс көп
  • Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті