Шығыс пен Солтүстікте жұмыс көп

Screenshot_13.png

Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері Шымкентке келді. Оңтүстік тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мақсатында келген өкілдер мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптарын түсіндірді. Айтуларынша, қазіргі таңда бұл өңірлерде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Мал бағып, салуға да мүмкіндік бар екен. Қоныс аудару кімдерге тиімді? Оларға тағы қандай көмектер бар?

Көп балалы ана Үрбігүл Салманова отбасымен Солтүстікке қоныс аударғысы келеді. Өзіне қол келетін жұмыс таппай жүрген келіншек көшіп барып, кәсіп қылсам деген ниетте. Ол делегациямен кездесіп, бос жұмыс орындарымен танысты. Мемлекеттік бағдарламаның шарттарына қанықты.

Еліміздің Шығысы мен Солтүстігіне экономикалық белсенді халық жетіспейді. Аймақтардың өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жұмысшылар қажет. Істің көзін тауып, кез-келген кәсіптен нәсібін айыра  алатын еңбекқор оңтүстік тұрғындары үшін бұл өңірлерде мүмкіндік молынан. Мемлекеттік мекемелер мен жекеменшікте бос жұмыс орындары көп. Солтүстік Қазақстан Есіл ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Хайрулла Бауыржан жұртшылыққа кәсіп бастаймын десе, жер телімдері де жеткілікті екенін жеткізді.

 "Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері - 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға ақшалай көмек ретінде 1 адамға 43 755 теңге(15 АЕК) төленеді",- дейдіШымкент қаласы жұмыспен қамту ортылығы директорының орынбасары Шағдат Әсет.

Мамандар «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз грант алуға бағыттап, түрлі салада өз кәсібін ашуға да көмектесеміз деп отыр. Әсіресе, Шығыс өңірі туристік бағытта кәсіп ашуға зор сұранып-ақ тұр екен.  Айта кетейік, былтыр Шымкентен 67 отбасы көшуге ниет білдіріпті.  Қоныс аударғандары қазір ауылшарушылығын түлетіп,   түрлі салаларда жұмыс істеп жүр екен.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады